«КАЗСТРОЙПОДРЯД» Жауапкершiлiгi Шектеулi Серiктестiгі
«Казстройподряд» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2005 жылы 16 мамырда құрылып, осы кезеңге дейін құрылыс компаниясы ретінде жұмыс атқаруда. Компанияның негізгі қызметі құрылыс және сәулет өнері болып табылады. Келешекте компания өз қызмет ауқымын кеңейтуді және мол тәжірибе жинап, индустрия саласында халықаралық дәрежеге жетуді жоспарлауда.
«Казстройподряд» Қазақстан Республикасының дамуына өз үлесiн қосуды үлкен мақсат етіп отыр. Қазіргі таңда компанияда тәжiрибелi мамандар жұмыс істеуде, олардың жалпы саны 285.